БҚАТУ Президент әкімшілігі алдында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде есеп берді

Батыс Қазақстан облысына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін бақылауға жоғары оқу орындарына кешенді тексеріс жүргізу үшін  ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Есет Байкен бастаған бір топ делегация келді. Оның алдында мемлекеттік университет ректорлары Президент әкімшілігінде есеп берген болатын.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да комиссия мүшелеріне бірінші жылда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша есептік материалдармен бірге «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттары аясындағы оқу бағдарламаларын жетілдіру мен университеттің одан әрі даму тұжырымдамасы ұсынылды. 

29 30 

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Асқар Наметов атап өткендей, бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін университетте «Рухани жаңғыру» орталығы құрылды. Ол жетекшілік етуші орган ретінде аталмыш мәселелер бойынша университеттің барлық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді және өңірлік бағдарламалық кеңсемен тығыз байланыс жасайды. Сондай-ақ университеттің ресми сайтында оқу орнында өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат беретін «Рухани жаңғыру» блогы пайда болды. Жақын арада блок жобасы ресми ақпаратпен және бейнеконтентпен толықтырылатын болады. 

31 32 

 Айта кеткен жөн, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша университеттің жұмысын комиссия мүшелері жоғары бағалап, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен дайындалған тұжырымдаманың аналогы Қазақстанның бірде-бір университетінде болмағанын тілге тиек етті. 

35 36

– Бұл анық, айқын, ең бастысы тиімді жұмыс жоспары болып саналады. Онда артық та қосатын да ештеңе жоқ. Егер университет тұжырымдамада жазылған дардың барлығын жүзеге асыратын болса, күтілетін нәтиже де үздік болады, ал біз сіздердің ақпараттық  дереккөздеріңіз арқылы қызығушылықпен бақылайтын боламыз, - деді Есет Байкен. 

Вы здесь: Главная Магистрантам БҚАТУ Президент әкімшілігі алдында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде есеп берді
Вы здесь: Главная Магистрантам БҚАТУ Президент әкімшілігі алдында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде есеп берді