Халықаралық ынтымақтастық аясында

  

Шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында стратегиялық жоспарды іске асыру аясында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Экономика және менеджмент» кафедрасына Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің э.ғ.д., профессор К.П. Колотырин шақырылды.

Бір апта ішінде профессор К.П. Колотырин «Экономика» мамандығының 1-курс магистранттары мен студенттеріне «Бизнес-жоспарлау» пәні бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ Саратов мемлекеттік аграрлық университеті экономика ғылымдарының докторының қатысуымен экономика және бизнес факультетінің оқытушылары үшін «Экономика және бизнес-менеджменттегі есеп» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

«Экономика және менеджмент» кафедрасында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық студенттерді, магистранттарды оқыту, профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және жоғарылату бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

23 24

Вы здесь: Главная Магистрантам Халықаралық ынтымақтастық аясында
Вы здесь: Главная Магистрантам Халықаралық ынтымақтастық аясында