Сізге мың алғыс  

Көктемнің алғашқы күнінде қазақстандықтар мағынасы тереңде жатқан мереке – Алғыс айту күнін атап өтті. Жаңа мейрам ҚР президентінің жарлығымен бекітілді. Алғыс айту күнін белгілеу туралы бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 23 сәуірде Ассамблеяның ХХІІ сессиясында ұсынған болатын.

 «Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне достығын, махаббатын, құрметін білдіретін мейрам болады», – деген еді мемлекет Басшысы.

 45 46

 Алғыс айту күні қазақстанды патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді.

 47

 Айтулы мерекені биыл Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері мен оқытушылар құрамы ерекше флэшмоб ұйымдастырып атап өтті. Бұл күні студенттер «Сізге мың алғыс» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында білім алушылар өздерінің оқытушыларына, ата-аналарына алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 48

Вы здесь: Главная Магистрантам Сізге мың алғыс
Вы здесь: Главная Магистрантам Сізге мың алғыс